Төлемді қайтару Бюджетке қате шотына қаражат төлемді қайтару

March 30, 2017

“Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотына есепке жатқызу”

Түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтару не оларды берешекті өтеу шотына есепке жатқызу,  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен реттелген (бұдан әрі – Ереже) .

Мемлекеттік кірістер органдары әкiмшiлiк ететiн негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдердi, трансферттер түсiмдерiн, бюджет кредиттерiн өтеудi, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдердi, қарыздар түсiмдерiн қоспағанда, салықтық емес түсiмдер сомасын қайтару және (немесе) есептеу үшiн қорытындыны бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi орган Ережеге сәйкес жасайды.

Жергілікті бюджетке түсімдердің түсуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың тізбесі Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 113-622 «Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе)  есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды  жүзеге асыруға жауапты  уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» қаулсымен бекітілген.

Бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi органға төлеушiлерден төлеу орны бойынша төлеу туралы төлем құжатының көшiрмесi қоса берiле отырып, жазбаша өтiнiш берiледi.

Төлеушiнiң – заңды тұлғаның, жеке тұлғаның (жеке кәсiпкердiң) қайтару және (немесе) есептеу туралы өтiнiшiнде мынадай мәлiметтер көрсетiледi:

1) өтiнiш берушiнiң атауы (заңды тұлғалар, құрылымдық бөлiмшелер, филиалдар үшiн) немесе тегi, аты мен әкесiнiң аты (жеке тұлғалар, жеке кәсiпкерлерi, адвокаттар және нотариустар үшiн);

2) ЖСН/БСН (резидент емес болса көрсетедi), БСК, ЖСК (олар болған кезде);

3) өтiнiш берушiнiң мекенжайы;

4) жеке куәлiктiң, паспорттың немесе оларды алмастыратын құжаттың нөмiрi және кiмнiң бергенi (жеке тұлғалар, жеке кәсiпкерлерi, адвокаттар және жеке нотариустар үшiн);

5) уәкiлеттi органдар әкiмшiлiк ететiн түсiмдер бойынша артық (қате) төленген сома пайда болғандардың атауы;

6) қайтаруға және (немесе) есептеуге жататын сома;

7) есептеген жағдайда – бюджеттiк сыныптама коды, артық (қате) төленген сома есептелетiн бюджет түсiмдерiнiң атауы, БСН және мемлекеттік кірістер органының атауы;

8) бюджетке төленетiн төлем туралы төлем құжаттарының деректемелері – төлем құжатының нөмiрi және күнi;

9) бюджетке iс жүзiнде енгiзiлген сома;

10) банктiк шотқа қайтарған жағдайда – банктiк шотты алушының нөмiрi және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiң немесе ұйымның атауы, БСК, ЖСК.

Бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті орган қорытындыны осы Ереженің 66-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 3 данада жасайды.

Бір данасын түсімдерді қайтаруға және/немесе есепке жатқызуға төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін мемлекеттік кірістер органына мынадай мерзімдерде:

төлеушiден есепке жатқызуға өтiнiм түскен күннен бастап 4 жұмыс күнiнен кешiктiрмей;

төлеушiден қайтаруға өтiнiм түскен күннен бастап 8 жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады.

Қорытындының екінші данасы төлеушіге тапсырылады, үшінші данасы уәкілетті органда қалады.

 

Қаулыны жүктеу 

 

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Бағалы қағаздар

Бағалы қағаздар шығару

Төлемді қайтару

Бюджетке қате шотына қаражат төлемді қайтару


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы