Мемлекеттік рәміздер

March 28, 2017
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің
музыкалық редакциясы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді.  Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің мәтіні

 

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

 

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерлiктiң дастаны,
Елiме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

 

Қайырмасы:
Менiң елiм, менiң елiм,
Гүлiң болып егiлемiн,
Жырың болып төгiлемiн, елiм!
Туған жерiм менiң – Қазақстаным!

 

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерiм бар.
Бiрлiгi жарасқан,
Тәуелсiз елiм бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгiлiк досындай.
Бiздiң ел бақытты,
Бiздiң ел осындай!

 

Қайырмасы:
Менiң елiм, менiң елiм,
Гүлiң болып егiлемiн,
Жырың болып төгiлемiн, елiм!
Туған жерiм менiң – Қазақстаным!

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Бағалы қағаздар

Бағалы қағаздар шығару

Төлемді қайтару

Бюджетке қате шотына қаражат төлемді қайтару

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы