Жұмаев Әлиби Арыстанғалиұлы

June 5, 2017

Қысқаша автобиография

     Жұмаев Әліби Арыстанғалиұлы 1980 жылы туылды.Ұлты-қазақ.Жоғарғы білімі бар, 2002 жылы “Экономика және машина құрастыру кәсіпорынында басқару” мамандығы бойынша Оренбург мемлекеттік университетін, 2008 жылы “Құқықтану” мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірді.

    Еңбек қызметін 2002 жылы “Агропромтрансхимия” ААҚ-да экономист болып бастады. 2006 жылдың наурыз айынан бастап “Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау Департаменті” ММ-нің білім және спорт бөлімінің жетекші маманы, экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, өңірлерді дамыту бөлімінің бас маманы, стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшы лауазымдарын атқарды. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап “Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау Басқармасы” ММ-нің басшысының орынбасары. 2016 жылдың 22 сәуірінен 2017 жылдың 4 маусымына дейін Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымын атқарды. 2017 жылдың 5 маусымында Астана қаласы әкімінің өкімімен “Астана қаласының Қаржы басқармасы” ММ-нің басшысы болып тағайындалды.

    Астананың қалыптасуына қатысқаны үшін «Ерен еңбегі үшін» медалі, “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл”, “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл” мерекелік медалдарымен, “Қазақстан Конституциясына 20 жыл” төсбелгісімен марапатталған. Үйленген, үш баланы тәрбиелеуде.

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Бағалы қағаздар

Бағалы қағаздар шығару

Төлемді қайтару

Бюджетке қате шотына қаражат төлемді қайтару


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы