«Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалы анықтама

August 26, 2019

«Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалы анықтама

 

 «Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» ММ-нің сыбайлас  жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша

талдамалы анықтама

2019 жылдың І жартыжылдықтағы «Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» ММ-нің  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды, құрамына: Басқарма басшысының орынбасары Р.С.Нұрғазина, Басқарма басшысының орынбасары Б.М. Сүлейменова, әкімшілік бөлімнің басшысы А.Т.Бекжігітова, Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің есептілігі бөлімінің басшысы С.Қ.Тлеуова, Қарызды есепке алу, инвестициялық жобалардың орындалуын талдау және нақты сектор бөлімінің басшысы И.В. Шахрай, Әлеуметтік саладағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау бөлімінің басшысының м.а. Г.Ә. Әбдрахманова кіретін жұмыс тобы жүргізді.

Ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазанда бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тəуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына сәйкес, «Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» ММ-нің басшысының 2019 жылғы  5 тамыздағы № 25-ж бұйрығының негізінде жүргізілді.

«Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы» ММ (бұдан  – әрі Басқарма) өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңды, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9-сәуірдегі № 1-449 қаулысымен бекітілген Басқарма туралы ережені басшылыққа алады.

  1. НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ КОРРУПЦИЯЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕР 

Басқарма алты құрылымдық бөлімшеден тұрады:

  • Бюджеттің орындалуын жиынтық талдау және қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру бөлімі;
  • Қарызды есепке алу, инвестициялық жобалардың орындалуын талдау және нақты сектор бөлімі;
  • Әлеуметтік саладағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау бөлімі;
  • Әкімшілік бөлім;
  • Басқару органдары, қорғаныс және құқық қорғау органдары саласында бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау бөлімі;
  • Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің  есептілік бөлімі.

Бөлімдер туралы Ереже  басқарма басшысының 2019 жылғы 26 сәуірдегі № -ж 17/1-ж бұйрығымен бекітілген.

 

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ 
  1. Қызметкерлерді басқару, оның ішінде қызметкерлердің айналымы

Басқарманың штаттық кестесі Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы  13 наурыздағы № 114-6 өкімімен бекітілді. 2019 жылғы талдау кезінде басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің нақты саны 23 адамды құрады, бос орындар – жоқ.

2019 жылдың І жартыжылдығының кадр айналымы жоқ.

Қызметті ұйымдастырады және жұмыс атқарады, келесі комиссиялар: тұрғын үй комиссиясы, еңбек өтілін есептеу комиссиясы.

Қызметкерлер туралы ай сайынғы деректер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне және Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне (әскери міндеттілер бойынша) жіберіледі.

  1. Мүдделер қақтығысы

Басқарма жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау кезінде, мүдделер қақтығысы (мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның ресми өкілеттіктері арасындағы қайшылық, онда мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделерінің болуы олардың лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе дұрыс орындамауына әкелуі мүмкін).

  1. Мемлекеттік қызметтер Басқарма мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функцияларды, олардың болмауына байланысты, жүзеге асырмайды.
  1. Рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру

Басқарманың ережесінде бақылау және қадағалау функцияларын орындау қарастырылмаған.

  1. Басқармаға жеке және заңды тұлғалардың түскен өтініштер

Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасында шағымдану бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидасының негізінде және «Айқын» жобасы бойынша жүзеге асырылады, ол барлық мемлекеттік органдардың өтініштерді қарастыру барысында ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Басқарманың бөлімшелерінде орындау тәртібін сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері Басқарманың аппараттық жиналыстарында жүйелі түрде қаралады.

Бөлімдерде осы салалардағы жұмыс жағдайын талдау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету, бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданып, өтінімдерді белгіленген орындау мерзімін бұза қарауды болдырмау.

2019 жылдың І жартыжылдығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуына байланысты Басқарма басшылығының әрекеттеріне азаматтардан ауызша және жазбаша өтініштер түспеді.

Басқарма басшылығы азаматтарды жеке қабылдау үшін арнайы сағаттар мен күндерді белгіледі, қабылдау кестесі кең жұртшылық үшін қол жетімді жерде орналастырылды және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.

2019 жылдың І жартыжылдығында Басқармаға заңды тұлғалардан 5, жеке тұлғалардан 8 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштер қаралып, уақытында орындалады. 2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындылары туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің кеңсесіне статистикалық есеп берілді.

  1. Басқа мәселелер

1) Басқарманың функциясына үстемелердің артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтару не оларды  берешекті өтеу   шотына есепке жатқызу кіреді. Үстемелердің артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтару не оларды  берешекті өтеу   шотына есепке жатқызу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджетті орындау және оның кассалық қызмет көрсету қағидасы негізінде жүзеге асырылады. Ережеге сәйкес мемлекеттік кірістер органдары әкiмшiлiк ететiн негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдердi, трансферттер түсiмдерiн, бюджет кредиттерiн өтеудi, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдердi, қарыздар түсiмдерiн қоспағанда, салықтық емес түсiмдер сомасын қайтару және (немесе) есептеу үшiн қорытындыны бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi орган жасайды.

Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі № 113-622 «Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардың бюджетке түсуіне бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы» қаулысымен бюджетке түсетін кірістерді алуға жауапты уәкілетті органдардың тізімі бекітілді

Басқарманың функциясына үстемелердің артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтару не оларды  берешекті өтеу   шотына есепке жатқызу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы  4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджетті және оның кассалық қызмет көрсету ережелерімен реттеледі.

Қызметкерлердің ресми, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану фактілері белгіленбеген.

Осы уақыт мерзіміндегі жағдайы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын бұзу жоқ

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Бағалы қағаздар

Бағалы қағаздар шығару

Төлемді қайтару

Бюджетке қате шотына қаражат төлемді қайтару


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы