Кірістер
2016 жылғы Астана қаласының бюджеті түсімдер бойынша 101,8 % атқарылды, жоспардағы 424 179,1 млн.теңгеден 431 668,5 млн.теңге кірістер келіп түсті, оның ішінде бойынша:
салықтық түсімдер – 102,9 % (жоспардағы – 195 037,3 млн.теңге, 200 714,9 млн.теңге атқарылды, асыра орындау – 5 677,6 млн.теңге);
салықтық емес түсімдер – 114,3 % (жоспардағы – 7 316,4 млн.теңге, 8 360,2 млн.теңге атқарылды, асыра орындау – 1 043,8 млн.теңге);
негізгі капиталды сатудан түсімдер – 113,0 % (жоспардағы – 5 812,4 млн.теңге, 6 567,1 млн.теңге атқарылды, асыра орындау – 754,7 млн.теңге);
трансферттердің түсімдері – 100 % (жоспардағы – 190 219,7 млн.теңге, 190 219,7 млн.теңге атқарылды);
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсімдер – 109,1 % (жоспардағы – 144,8 млн.теңге, 158,1 млн.теңге атқарылды, асыра орындау – 13,3 млн.теңге);
қарыздардың түсімдері – 100 % (жоспардағы – 25 408,5 млн.теңге, 25 408,5 млн.теңге атқарылды).
Шығыстар
Астана қаласының бюджеті 433 465,5 млн.теңгені құрайды.
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 432 477,8 млн.теңге игерілді немесе игерушілік 99,8 % құрады, оның ішінде есебінен:
жергілікті бюджет қаражаттары 219 311,9 млн.теңге игерілді немесе игерушілік 99,9 % құрады (жылға жоспардан 219 537,4 млн.теңге),
нысаналы трансферттер мен кредиттер 213 165,9 млн.теңге ол 99,6 % құрайды (жылға жоспардан 213 928,2 млн.теңге).