October 10, 2017

Мемлекеттік бағалы қағаздар шығару бойынша

Астана қаласында кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға 8 622,2 млн.теңге сомасында мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымы жүргізілді, оның ішінен 2016 жылы – 1 700,0 млн.теңге шығарылды.

Ағымдағы жылы 6 922,2 млн.теңге сомасында 2 жыл айналым мерзімімен және сыйақы мөлшерлемесі 0,15% болатын мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымы жүргізілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қазанында жоғарыда көрсетілген мақсаттарға 500 млн. теңге көлемінде 2 жыл айналым мерзімімен және сыйақы мөлшерлемесі 0,35% болатын мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымын жүргізу қосымша жоспарлануда.

Осы мемлекеттік бағалы қағаздардың төртінші шығарылымы бойынша 2017 жылғы 10 қазанынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен KZZJKY020372 ұлттық бірегейлендіру нөмірі берілді.

Мемлекеттік бағалы қағаздар шығару қорытындылары бойынша ақпарат қосымша жарияланатын болады.

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Бағалы қағаздар

Бағалы қағаздар шығару

Төлемді қайтару

Бюджетке қате шотына қаражат төлемді қайтару

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы