2019 жылғы 1 сәуірге арналған Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуы

April 22, 2019

Презентацияны жүктеу

Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінің атқарылуы туралы есеп

2019 жылғы 1-тоқсандағы аудиторлық қызметтің түйінді көрсеткіштеріне жалпы талдама

2019 жылғы 1 сәуірге арналған

Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуына шолу

2019 жылғы 1 сәуірге арналған

Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің атқарылуы

                                                                                                                            млн.теңге

Атауы 2019 жылға арналған жоспар 1 сәуірге арналған жоспар 1 сәуірге

факт

Есепті кезеңге жоспардан ауытқу атқарылу %
есепті кезеңдегі жоспарға жылдық жоспарға
ТҮСІМДЕР 426 371,8 75 732,5 76 382,4 649,9 100,9 17,9
Кірістер, оның ішінде: 406 300,5 69 991,5 70 643,5 652,0 100,9 17,4
Кірістер  (1-3 санат) 273 184,9 54 333,9 54 985,8 651,9 101,2 20,1
Салық түсімдері 264 146,7 52 650,3 51 791,1 -859,2 98,4 19,6
Салықтан тыс түсімдер 1 720,4 696,9 1 462,3 765,4 209,8 85,0
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 7 317,8 986,7 1 732,4 745,7 175,6 23,7
Трансферттердің түсімдері 133 115,5 15 657,7 15 657,7 0,0 100,0 11,8
Бюджеттік кредиттерді өтеу 6,0 0,0 0,0 0,0 #ДЕЛ/0! 0,0
Қарыздар түсімі 20 065,3 5 741,0 5 740,9 -0,1 100,0 28,6
ШЫҒЫСТАР 431 035,2 79 834,9 78 231,7 -1 603,2 98,0 18,1
Шығындар 379 841,9 64 874,2 63 271,0 -1 603,2 97,5 16,7
Бюджеттік кредиттер 10 865,3 692,0 692,0 0,0 100,0 6,4
Қаржылық активтерді сатып алу 20 405,8 1 268,7 1 268,7 0,0 100,0 6,2
Қарыздарды өтеу 19 922,2 13 000,0 13 000,0 0,0 100,0 65,3

 

2019 жылдың 1 сәуіріне Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне келіп түскен түсімдер 76 382,4 млн. теңге құрады және 75 732,5 млн. теңге сомасындағы есепті кезеңдегі жоспарға қатысты 100,9 %-ға атқарылды.

Қала бюджетіне түсетін түсімдердің динамикасы соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 73 698,1 млн. теңге (120,9%),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 138 574,9 млн. теңге (102,7%),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 85 372,3 млн. теңге (110,0%).

 

Кірістер 70 643,5 млн. теңге немесе 100,9 %-ға атқарылған, оның ішінде салық түсімдері 51 791,1 млн. теңге немесе 98,4 % құрады, салықтан тыс түсімдер – 1 462,3 млн. теңге немесе 209,8 %, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 1 732,4 млн. теңге немесе 175,6 %, трансферттердің түсімдері – 15 657,7 млн. теңге немесе 100 %.

 

Қала бюджетіне түсетін кірістердің динамикасы соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 73 371,5 млн. теңге (120,8 %),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 138 574,9 млн. теңге (108,3 %),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 83 328,8 млн. теңге (108,3 %).

 

2019 жылғы 1 сәуірге арналған Нұр-Сұлтан қаласы бюджетіне түскен түсімдер

млн. тенге

Атауы 2019 жылға арналған жоспар 1сәуірге арналған жоспар 1 сәуірге

факт

Есепті кезеңге жоспардан ауытқу атқарылу %
есепті кезеңдегі жоспарға жылдық жоспарға
ТҮСІМДЕР 426 371,8 75 732,5 76 382,4 649,9 100,9 17,9
КІРІСТЕР 406 300,5 69 991,5 70 643,5 652,0 100,9 17,4
Салық түсімдері 264 146,7 52 650,3 51 791,1 -859,2 98,4 19,6
Оның ішінде:        
Жеке табыс салығы 121 140,0 23 226,5 23 298,2 71,7 100,3 19,2
Әлеуметтік салық 95 025,8 18 552,9 17 807,5 -745,4 96,0 18,7
Меншікке салынатын салықтар 36 061,6 8 206,1 8 364,6 158,5 101,9 23,2
Акциздер 261,8 65,4 57,4 -8,0 87,8 21,9
Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер 3 323,5 745,5 790,3 44,8 106,0 23,8
Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар 1 936,7 364,9 520,0 155,1 142,5 26,8
Мемлекеттік баж 5 858,3 1 358,3 810,8 -547,5 59,7 13,8
Салықтан тыс түсімдер 1 720,4 696,9 1 462,3 765,4 209,8 85,0
оның ішінде:        
Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 461,6 111,0 164,0 53,0 147,7 35,5
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 470,0 470,0 920,9 450,9 195,9 195,9
Өзге де салықтық емес түсiмдер 689,2 109,7 361,0 251,3 329,1 52,4
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 7 317,8 986,7 1 732,4 745,7 175,6 23,7
оның ішінде:
Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату 5 667,8 580,7 1 137,2 556,5 195,8 20,1
Жердi және материалдық емес активтердi сату 1 650,0 406,0 595,3 189,3 146,6 36,1
Трансферттердің түсімдері 133 115,5 15 657,7 15 657,7 0,0 100,0 11,8
Бюджеттік кредиттерді өтеу 6,0 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
Қарыздар түсімі 20 065,3 5 741,0 5 740,9 -0,1 100,0 28,6
оның ішінде:
Мемлекеттік ішкі қарыздар 20 065,3 5 741,0 5 740,9 -0,1 100,0 28,6
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар 10 000,0 5 149,0 5 148,9 -0,1 100,0 51,5
Қарыз алу келісім-шарттары 10 065,3 592,0 592,0 0,0 100,0 5,9

 

Салық түсімдері 52 650,3 млн. теңге жоспар кезінде 51 791,1 млн. теңге (98,4%) құрады немесе 859,2 млн. теңгеге аса орындалды.

Қала бюджетіне түсетін салықтық түсімдердің динамикасы соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

 

2016 жылдың 1 сәуіріне – 47 299,2 млн. теңге (128,5 %),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 51 437,8 млн. теңге (125,4 %),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 49 093,4 млн. теңге (110,4 %).

 

Жеке табыс салығы бойынша жоспар 71,7 млн. теңгеге аса орындалды (жоспар – 23 226,5 млн. теңге, келіп түскені – 23 298,2 млн. теңге немесе 100,3%).

 

Қала бюджетіне жеке табыс салығы бойынша түсетін түсімдердің динамикасы соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен  салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 21 979,9 млн. теңге (123,3 %),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 23 717,4 млн. теңге (117,9 %),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 22 458,8 млн. теңге (104,3 %).

 

Әлеуметтік салық бойынша түсімдер жоспары 745,4 млн. теңгеге   (96,0 %) орындалмады, жоспар бойынша 18 552,9 млн. теңге жоспарланса, түскені 17 807,5 млн. теңге.

Қала бюджетіне әлеуметтік салық бойынша түсетін түсімдердің динамикасы соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 16 417,0 млн. теңге (123,3 %),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 17 512,8 млн. теңге (115,9%),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 17 390,2 млн. теңге (114,9%).

 

Меншікке салынатын салықтар бойынша жоспар 158,5 млн. теңгеге асыра атқарылды (жоспар – 8 206,1 млн. теңге, келіп түскені – 8 364,6 млн. теңге немесе 101,9 %), оның ішінде келесі бағыттарда:

мүлікке салынатын салықтар бойынша жоспар – 6 534,7 млн. теңге, атқарылу 6 725,4 млн. теңге немесе 102,9 % құрады немесе 190,7 млн. теңгеге асыра орындалды;

көлiк құралдарына салынатын салықтар бойынша жоспар –  1 271,8 млн. теңге, келіп түсті – 1 282,2 млн. теңге (100,8 %) немесе 10,4 млн. теңгеге асыра орындалды.

Қала бюджетіне меншік салықтары бойынша түсетін түсімдердің динамикасы соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен  салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 5 627,8 млн. теңге (149,6 %),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 6 657,3 млн. теңге (166,5 %),

2018 жылдың 1 сәуіріне –6 712,1 млн. теңге (121,9%).

Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар бойынша 1 306,6 млн. теңге жоспарланды, келіп түскені 1 466,7 млн. теңге немесе 160,1 млн. теңгеге (112,3 %) аса орындалды, оның ішінде келесі бағыттарда:

табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер бойынша – 44,8 млн. теңге аса орындалды (жоспар – 745,5 млн. теңге, келіп түскені – 790,3 млн. теңге немесе 106,0 %);

кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн 364,9 млн. теңге, келіп түскені – 520,0 млн. теңге немесе 142,5 %).

Қала бюджетіне тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар бойынша түсетін түсімдердің динамикасы соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 2 292,8 млн. теңге (177,5 %),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 1 548,0 млн. теңге (137,1 %),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 1 383,8 млн. теңге (109,1 %).

Мемлекеттік баж бойынша жоспар – 1 358,3 млн. теңге, келіп түскені- 810,8 млн. теңге (59,7 %) немесе орындалмау – 547,5 млн. теңге.

Қала бюджетіне мемлекеттік баж бойынша түсетін түсімдердің динамикасы соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен  салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 981,7 млн. теңге (160,5 %),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 1 717,1 млн. теңге (260,8%),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 1 076,0 млн. теңге (104,8%).

Салықтан тыс түсімдер бойынша жоспар – 696,9 млн. теңге, бюджетке келіп түскені – 1 462,3 млн. теңге немесе 209,8%.

765,4 млн. теңге көлеміндегі салықтан тыс түсімдердің асыра орындалуының негізгі үлесі – мемлекеттік мекемелермен салынатын айыппұлдар, өсімпұлдар бойынша түсетін түсімдер бойынша асыра орындалу – 450,9 млн. теңге, коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін табыстар бойынша асыра орындалу – 53,0 млн.теңге , өзге салықтан тыс түсімдер бойынша асыра орындалу – 251,3 млн. теңге.

Қала бюджетіне салықтан тыс түсімдер бойынша динамика соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 1 655,6 млн. теңге (303,3%),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 1 986,4 млн. теңге (146,9%),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 1 129,3 млн. теңге (848,6%).

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша жоспар –  986,7 млн. теңге, келіп түсті – 1 732,4 млн. теңге (175,6 %), немесе 745,7 млн. теңгеге асыра орындалды, оның ішінде келесі бағыттарда:

мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату бойынша556,5 млн. теңге (жоспар – 580,7 млн. теңге, келіп түсті –  1 137,2 млн. теңге немесе 195,8 %-ға);

Жердi және материалдық емес активтердi сату бойынша– 189,3 млн. теңге (жоспар –406,0 млн. теңге, келіп түсті – 595,3 млн. теңге немесе 146,6%).

Қала бюджетіне негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша динамика соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 1 701,2 млн. теңге (253,5 %),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 4 008,1 млн. теңге (155,2 %),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 1 395,7 млн. теңге (231,9 %).

Қала бюджетіне мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түскен түсімдер бойынша динамика соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 1 276,3 млн. теңге (398,8 %),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 3 488,0 млн. теңге (155,5%),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 829,6 млн. теңге (276,5 %).

Қала бюджетіне жердi және материалдық емес активтердi сатудан түсетін түсімдердің динамикасы соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 424,9 млн. теңге (121,0 %),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 520,1 млн. теңге (152,9%),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 566,2 млн. теңге (187,6%).

Республикалық бюджеттен түсетін нысаналы трансферттер 15 657,7 млн. теңге құрады немесе жоспарға қатысты 100,0 %, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер – 4 319,3 млн. теңге;

нысаналы даму трансферттері – 11 338,4 млн. теңге.

Қала бюджетіне республикалық бюджеттен түсетін нысаналы трансферттер бойынша динамика соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 22 715,4 млн. теңге (100,0 %),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 81 142,7 млн. теңге (97,7 %),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 31 710,3 млн. теңге (100,0 %).

 

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, шығыстардың орындалуы 78 231,7 млн. теңге құрады немесе есепті кезеңге арналған жоспарға қатысты 98,0 %, оның ішінде шығындар – тиісінше 63 271,0 млн. теңге немесе 97,5 %.

Бюджет шығыстары функционалдық топтар бөлінісінде кестеде көрсетілген:

 

2019 жылғы 1 сәуірге арналған Нұр-Сұлтан қаласы

бюджет шығыстарының орындалуы

(функционалдық топтар бөлінісінде)

млн теңге

Атауы 2019 жылға арналған жоспар 1 сәуірге арналған жоспар 1сәуірге

факт

Есепті кезеңге жоспардан ауытқу атқарылу %
есепті кезеңдегі жоспарға жылдық жоспарға
ШЫҒЫСТАР 431 035,2 79 834,9 78 231,7 -1 603,2 98,0 18,1
ШЫҒЫНДАР 379 841,9 64 874,2 63 271,0 -1 603,2 97,5 16,7
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 13 479,0 2 077,7 1 750,6 -327,1 84,3 13,0
Қорғаныс 809,9 62,1 57,4 -4,7 92,4 7,1
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі 13 809,0 2 353,9 2 268,3 -85,6 96,4 16,4
Бiлiм беру 101 450,5 18 923,3 18 517,5 -405,8 97,9 18,3
Денсаулық сақтау 11 579,1 1 338,0 1 337,6 -0,4 100,0 11,6
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 13 713,5 2 188,0 2 115,1 -72,9 96,7 15,4
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 80 240,2 11 545,5 11 329,4 -216,1 98,1 14,1
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 23 845,3 4 635,7 4 270,7 -365,0 92,1 17,9
Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану 35 885,1 7 798,2 7 798,2 0,0 100,0 21,7
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 1 922,8 278,8 250,1 -28,7 89,7 13,0
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 1 859,0 343,8 343,8 0,0 100,0 18,5
Көлiк және коммуникация 31 644,2 2 453,0 2 450,4 -2,6 99,9 7,7
Басқалар 16 511,0 3 208,8 3 114,5 -94,3 97,1 18,9
Борышқа қызмет көрсету 759,2 196,6 196,6 0,0 100,0 25,9
Трансферттер 32 334,2 7 470,8 7 470,8 0,0 100,0 23,1
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР 10 865,3 692,0 692,0 0,0 100,0 6,4
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 9 473,3 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
Басқалар 1 392,0 692,0 692,0 0,0 100,0 49,7
ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРДІ САТЫП АЛУ 20 405,8 1 268,7 1 268,7 0,0 100,0 6,2
Көлiк және коммуникация 13 254,0 1 268,7 1 268,7 0,0 100,0 9,6
Басқалар 7 151,8 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕУ 19 922,2 13 000,0 13 000,0 0,0 100,0 65,3

Шығыстардың орындалу құрылымында ең көп үлес салмағын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығыстары – 14,5 %, білім беру – 23,7 % , көлік және коммуникация – 4,7 %, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 5,5 %, отын-энергетикалық кешен шығыстары – 10,0 %,   трансферттер – 9,5 %, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік – 2,9 %, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 2,7 %, денсаулық сақтау – 1,7 % құрайды, басқалары – 4,9 %.

 

Қала бюджеті шығыстарының орындалу динамикасы соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 58 051,3 млн. теңге (94,7 %),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 129 116,2 млн. теңге (95,3 %),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 66 217,0 млн. теңге (85,0%).

 

Әлеуметтік салаға кеткен шығындар 26 240,9 млн. теңге немесе сомасы 27 085,0 млн. теңге жоспарға қатысты 96,9%.

Әлеуметтік салаға бағытталған шығындардың атқарылу динамикасы соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 27 821,6 млн. теңге (96,8%),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 26 964,1 млн. теңге (93,2%),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 19 028,9 млн. теңге (80,2%).

 

Нақты секторға кеткен шығындар 27 247,1 млн. теңге немесе сомасы 27 588,8 млн. теңге жоспарға қатысты 98,8%.

Нақты секторға бағытталған шығындардың атқарылу динамикасы соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 23 852,9 млн. теңге (91,9%),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 94 263,9 млн. теңге (95,6%),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 39 322,9 млн. теңге (88,1%).

 

Қорғаныс, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке кеткен шығындар  2 325,7 млн. теңге немесе сомасы 2 416,0 млн. теңге жоспарға қатысты 96,3%.

Қорғаныс, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке бағытталған шығындардың атқарылу динамикасы соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 1 463,7 млн. теңге (88,3%),

2017 жылдың 1 сәуіріне –1 780,3 млн. теңге (96,9%),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 1 682,3 млн. теңге (81,6%).

 

Қала бюджетіне республикалық бюджеттен түсетін нысаналы трансферттер бойынша динамика соңғы үш жылдағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда төмендегідей қалыптасады:

2016 жылдың 1 сәуіріне – 22 715,4 млн. теңге (100,0%),

2017 жылдың 1 сәуіріне – 81 142,7 млн. теңге (97,7%),

2018 жылдың 1 сәуіріне – 31 710,3 млн. теңге (100,0 %).

Нұр-Сұлтан қаласының бюджет шығыстары экономикалық сыныптама бөлінісінде кестеде көрсетілген:

 

2019 жылғы 1 сәуірге арналған Нұр-Сұлтан қаласы

бюджет шығыстарының орындалуы

(экономикалық сыныптама бөлінісінде)

млн теңге

Атауы 2019 жылға арналған жоспар 1сәуірге арналған жоспар 1 сәуірге  

факт

Есепті кезеңге жоспардан ауытқу атқарылу %
есепті кезеңдегі жоспарға жылдық жоспарға
ШЫҒЫСТАР 431 035,2 79 834,9 78 231,7 -1 603,2 98,0 18,1
АҒЫМДАҒЫ ШЫҒЫНДАР 225 533,5 48 400,0 47 059,1 -1 340,9 97,2 20,9
Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар 174 869,3 34 610,4 33 300,8 -1 309,6 96,2 19,0
Жалақы 42 922,4 9 879,8 9 625,8 -254,0 97,4 22,4
Жұмыс берушілердің жарналары 3 667,0 918,0 885,6 -32,4 96,5 24,2
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жалақы төлеу және жарналар аудару 283,2 82,7 79,9 -2,8 96,6 28,2
Қорлар сатып алу 8 811,2 1 319,3 1 209,1 -110,2 91,6 13,7
Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу 110 713,3 21 665,9 20 894,2 -771,7 96,4 18,9
Басқа да ағымдағы шығындар 8 472,1 744,6 606,3 -138,3 81,4 7,2
Сыйақылар төлеу 759,2 196,6 196,6 0,0 100,0 25,9
Ішкі қарыздар бойынша сыйақы төлемдері 759,2 196,6 196,6 0,0 100,0 25,9
Ағымдағы трансферттер 49 905,1 13 593,1 13 561,7 -31,4 99,8 27,2
Бюджеттік субсидиялар 10 860,9 4 957,1 4 956,5 -0,6 100,0 45,6
Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер 6 706,7 1 165,2 1 134,4 -30,8 97,4 16,9
Мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне берiлетiн ағымдағы трансферттер 32 330,4 7 470,8 7 470,8 0,0 100,0 23,1
Шетелге берiлетiн ағымдағы трансферттер 3,3 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
Басқа да ағымдағы трансферттер 3,8 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
КҮРДЕЛІ ШЫҒЫНДАР 150 931,5 15 642,9 15 383,2 -259,7 98,3 10,2
Негізгі капиталды сатып алу 150 931,5 15 642,9 15 383,2 -259,7 98,3 10,2
Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу 18 717,6 657,0 606,2 -50,8 92,3 3,2
Негізгі қаражатты күрделі жөндеу 4 191,0 167,1 150,5 -16,6 90,1 3,6
 Дамуға бағытталған күрделі шығыстар 128 022,9 14 818,8 14 626,0 -192,8 98,7 11,4
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР 10 865,3 692,0 692,0 0,0 100,0 6,4
Ішкі бюджеттік кредиттер 10 865,3 692,0 692,0 0,0 100,0 6,4
ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІН САТЫП АЛУ 20 405,8 1 268,7 1 268,7 0,0 100,0 6,2
Қаржы активтерін сатып алу 20 405,8 1 268,7 1 268,7 0,0 100,0 6,2
ҚАРЫЗДАРДЫ ӨТЕУ 19 922,2 13 000,0 13 000,0 0,0 100,0 65,3
Ішкі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу 19 922,2 13 000,0 13 000,0 0,0 100,0 65,3

 

 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде атқарылу кестеде көрсетілген:

 

 

2019 жылғы 1 сәуірге арналған Нұр-Сұлтан қаласы

бюджет шығыстарының орындалуы

(бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде)

млн теңге

Атауы 2019 жылға арналған жоспар 1 сәуірге арналған жоспар 1 сәуірге

факт

Есепті кезеңге жоспардан ауытқу атқарылу %
есепті кезеңдегі жоспарға жылдық жоспарға
ШЫҒЫСТАР 431 035,2 79 834,9 78 231,7 -1 603,2 98,0 18,1
оның ішінде:      
Мәслихат аппараты 147,9 38,9 27,0 -11,9 69,4 18,3
Астана қаласы әкімінің аппараты 2 488,8 331,2 320,9 -10,3 96,9 12,9
Астана қаласындағы аудан әкімінің аппараты 31 252,6 6 121,5 6 026,0 -95,5 98,4 19,3
Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы 3 386,0 112,6 51,3 -61,3 45,6 1,5
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 13 265,9 2 038,5 2 002,5 -36,0 98,2 15,1
Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы 14 801,1 4 194,6 4 161,9 -32,7 99,2 28,1
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 51 190,4 3 922,1 3 856,3 -65,8 98,3 7,5
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы 2 827,0 807,9 781,1 -26,8 96,7 27,6
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 972,7 185,5 171,0 -14,5 92,2 17,6
Қоғамдық даму істері басқармасы 2 391,0 156,5 97,9 -58,6 62,6 4,1
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 12 596,6 1 421,9 1 421,5 -0,4 100,0 11,3
Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы 22 417,3 595,2 572,8 -22,4 96,2 2,6
Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы 33 782,8 3 865,2 3 829,8 -35,4 99,1 11,3
Мәдениет және спорт басқармасы 21 176,7 4 358,1 4 132,5 -225,6 94,8 19,5
Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы 66 003,0 10 581,3 10 377,8 -203,5 98,1 15,7
Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы 2 417,0 538,0 527,0 -11,0 98,0 21,8
Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы 637,9 147,6 96,6 -51,0 65,4 15,1
Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 1 372,2 259,6 132,0 -127,6 50,8 9,6
 Ішкі істер басқармасы 12 227,6 1 655,9 1 633,5 -22,4 98,6 13,4
Қаржы басқармасы 58 079,8 20 826,4 20 726,9 -99,5 99,5 35,7
Білім беру басқармасы 77 314,4 17 624,7 17 233,2 -391,5 97,8 22,3
Астана қаласының Тексеру комиссиясы 286,0 52,4 52,4 0,0 100,0 18,3
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті 0,6 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0

 

 

Орындалу 78 231,7 млн. теңге құрады немесе 98,0 % , жоспар –  79 834,9 млн. теңге. Орындалмағаны – 1 603,2 млн. теңге.

 

 

Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен игерілген:

 

Игерілмеудің негізгі себептері Сомасы, млн.теңге
ЖАЛПЫ ИГЕРІЛМЕДІ, оның ішінде: 1 603,1
-енбекақы қоры бойынша , мемлекеттік сатып алулардың нәтижелері бойынша үнемдеу, басқа да үнемдеу 221,6
-ЖАО резервінің бөлінбеген қалдықтары 59,8
ИГЕРІЛМЕДІ, оның ішінде келесі себептермен: 1 321,8
-тауарды жеткізушілердің шарттық міндеттемелерін орындамауы 248,9
– мемлекеттік сатып алу бойынша орындалмаған конкурстар 85,5
-ББӘ бюджеттік бағдарламасын басқаруы 621,4
-басқа себептермен 366,1

 

 

 

 

__________________________________________

 

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Бағалы қағаздар

Бағалы қағаздар шығару

Төлемді қайтару

Бюджетке қате шотына қаражат төлемді қайтару


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы