Хабарландыру 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтар!

 Хабарландыру 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін  

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңына сәйкес, 24 бап, 2-тармақша, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, егер мүгедектік  мерзімсіз болып белгіленсе, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады немесе төлемдер салымшының өтініші бойынша жасалуы мүмкін. Сонымен қатар,  жеке зейнетақы шоттарында жинақ болса, онда төлемдер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін алынуы мүмкін. Зейнетақы жинақтарын алу үшін Қордың кез-келген филиалына, тұрғылықты жері мен тұратын жеріне қарамастан, байланысуға болады.

Өзімен бірге тек қана: жеке басын куәландыратын құжат және банк шоты туралы мәлімет болуы қажет.

БЖЗҚ-дан зейнетақылық төлемдер ай сайын жүргізіледі. Егер салымшының зейнетақы жинақтарының сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса (2019 жылы 433 296 теңгені құрайды) онда ол сомма толығымен төленеді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалдың барып кызмет көрсету бөлімшесі, салымшыларға, Қордың кеңселерінен тыс қызмет көрсетеді. Бұл үшін БЖЗҚ сайтында “Электрондық сервистер”немесе Call-орталық – 1418 халықтың әлеуметтік осал топтары үшін барып қызмет көрсетуге өтініш беру қерек.

 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Нұр-Сұлтандағы филиалының бөлімдерінің мекенжайы:

 

Бөлім Мекен-жайы Жұмыс кестесі
1 Бөлім № 1 Нұр-Сұлтан қ., Есиль ауданы, Туран даң., 18 Блок “А” каб.107 Дс-Жм 08:00-19:00, Сн 09:00-13:00
2 Бөлім № 2 Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа  ауданы, Т. Бигелдинов к., 12 Дс-Жм 08:00-19:00, Сн 09:00-13:00
3 Бөлім № 3 Нұр-Сұлтан қ., Байқоңыр ауданы,  Республика даң., 4 Дс-Жм 08:00-19:00, Сн 09:00-13:00
4 Бөлім № 4 Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Күйші Дина к., 31, НП 6 Дс-Жм 08:00-19:00, Сн 09:00-13:00
5 Call-центр 1418 Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Бағалы қағаздар

Бағалы қағаздар шығару

Төлемді қайтару

Бюджетке қате шотына қаражат төлемді қайтару


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы