September 18, 2019

Баспасөз-релизі “Бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау” тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

2019 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті    Нұр-Сұлтан қаласының қаржы басқармасы базасында “бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті мен Қазынашылық комитетінің өкілдері, сондай-ақ Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармаларының бухгалтерлік қызметтерінің басшылары қатысты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті директорының орынбасары Гүлнар Қойшыбайқызы Есенғалиева Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 14 бұйрығына сәйкес республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктің бюджет түсімдерін көрсету Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сөз сөйлеумен ашты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар бірқатар практикалық ұсыныстар алды және 2018 жылға арналған бюджеттің орындалуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есепті құру бойынша тәжірибе алмасты.

 

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Бағалы қағаздар

Бағалы қағаздар шығару

Төлемді қайтару

Бюджетке қате шотына қаражат төлемді қайтару


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы