November 15, 2019

15 қараша – Ұлттық теңге күні, сондай-ақ бұл айтулы кәсіби мерекені Қазақстан Республикасының қаржы қызметкерлері де атап өтеді.

15 қараша – Ұлттық теңге күні, сондай-ақ бұл айтулы кәсіби мерекені  Қазақстан Республикасының қаржы қызметкерлері де атап өтеді. Мереке қарсаңында Нұр-сұлтан қаласының Мемлекеттік мұрағаты « Нұр-сұлтан қаласы Қаржы басқармасы»,  « Нұр-сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» қолдауымен қараша айының 12-15 аралығында  «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты көрме өткізеді.  Көрмеге құрметті қонақтар шақырылды: Т.А Қышқашбаев  (Нұр-Сұлтан қаласы тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы); Р.С Нұрғазина (Нұр-Сұлтан қаласы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары); Р.А Әбдіразақов («НК Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ басқарма төрағасыың орынбасары);  А.Т Сексенбаев ( Қазіргі Қазақстанның даму қоры «Аманат 2030» қоғамдық қордың президенті) ;  нумизмат -коллекционерлер. Көрмеге әрбір келуші ҚазССР кезіндегі валютаның тарихын, сондай-ақ  теңгенің қайта жаңару эволюциясын біле алады.

Сондай-ақ, тарихи деректерге сәйкес, 14- қазанда Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасы құрылғанына 80 жыл толды. Бұл күні 1939 жылы Ақмола облысы құрылды. Осыған байланысты Ақмола қалалық қаржы бөлімі құрылды.

Осы атаулы мерекелерге орай  Сіздерді құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыс және әрқайсыңызға қаржылық  тәуелсіздік тілейміз. Материалдық игілік Сіздерге әлемді тануға және жеке бақытыңызға зор мүмкіндік сыйласын!

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Бағалы қағаздар

Бағалы қағаздар шығару

Төлемді қайтару

Бюджетке қате шотына қаражат төлемді қайтару


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы