Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша

 

Нұр-Сұлтан қаласының 2020 жылға арналған бюджетінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкімімен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру шеңберінде 44 030 000,0 мың теңге сомасында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару көзделген.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының бірінші траншы 2020 жылғы 25 маусымда 13 357 508,0 мың теңге сомасына өтті (ISIN коды – KZZF00000015, айналым мерзімі 119 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1%).

Бүгін (14.08.2020 ж.) жоғарыда аталған мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудың екінші траншы болып өтті.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Қазақстан қор биржасында Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналымға шығарылған 14 907 081 дана мемлекеттік бағалы қағазды (ISIN коды – KZZF00000023) орналастырды, айналым мерзімі 131 ай , сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1%.

«Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары ішкі нарықта айналысқа шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудан түсетін түсімдер»  түсімдер коды бойынша Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне 14 907 081,0 мың теңге түсті.

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Бағалы қағаздар

Бағалы қағаздар шығару

Төлемді қайтару

Бюджетке қате шотына қаражат төлемді қайтару


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы