Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша  

Нұр-Сұлтан қаласының 2020 жылға арналған бюджетінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкімімен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру шеңберінде 44 030 000,0 мың теңге сомасында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару көзделген.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың бірінші траншы 2020 жылғы 25 маусымда 13 357 508,0 мың теңге сомасында өтті (ISIN коды – KZZF00000015, айналым мерзімі 119 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1%).

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың екінші траншы 2020 жылғы 14 тамызда 14 907 081,0 мың теңге сомасында өтті (ISIN коды – KZZF00000023, айналым мерзімі – 131 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1%).

Бүгін (22.10.2020 ж.) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік бағалы қағаздардың үшінші және төртінші траншы болып өтті:

саны 4 714 311 дана  (ISIN коды – KZZF00000031,  айналым  мерзімі – 143 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1%);

саны 4 951 169 дана  (ISIN коды – KZZF00000049,  айналым  мерзімі – 143 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1 %).

«Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары ішкі нарықта айналысқа шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудан түсетін түсімдер» түсім коды бойынша үшінші және төртінші транштар бойынша Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне 9 665 480,0 мың теңге түсті.

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Бағалы қағаздар

Бағалы қағаздар шығару

Төлемді қайтару

Бюджетке қате шотына қаражат төлемді қайтару


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы