Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бойынша

Нұр-Сұлтан қаласының 2020 жылға арналған бюджетінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-ө өкімімен бекітілген Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру шеңберінде 44 030 000,0 мың теңге сомасында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару көзделген, оларды шығару мынадай транштар бойынша жүргізілді:

бірінші транш – 2020 жылғы 25 маусымда 13 357 508,0 мың теңге сомасына (ISIN коды – KZZF00000015, айналым мерзімі – 119 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1 %);

екінші транш – 2020 жылғы 14 тамызда 14 907 081,0 мың теңге сомасына (ISIN коды – KZZF00000023, айналым мерзімі – 131 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1 % );

үшінші және төртінші транштар – 2020 жылғы 22 қазанда, оның ішінде:

үшінші транш 4 714 311,0 мың теңге (ISIN коды – KZZF00000031, айналым мерзімі – 143 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1%);

төртінші  транш  4 951 169,0 мың теңге   сомасында   (ISIN  коды   – KZZF000000049, айналым мерзімі – 143 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1%).

Бүгін (2020 жылғы 29 желтоқсанда) 6 099 931,0 мың теңге сомасына мемлекеттік бағалы қағаздардың бесінші траншы шығарылды (ISIN коды –KZZF00000056, айналым мерзімі – 143 ай, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,1%).

«Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары ішкі нарықта айналысқа шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудан түсетін түсімдер» түсімдер коды бойынша бесінші транш бойынша Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне 6 099 931,0 мың теңге түсті.

 

 

________________________________________

Пайдалы ақпарат

Басшысына өтініш

Басқарма басшысына сұрақ қою

Бағалы қағаздар

Бағалы қағаздар шығару

Төлемді қайтару

Бюджетке қате шотына қаражат төлемді қайтару


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
100 нақты қадам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан-2050» стратегиясы